Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде әйел өзін туған күнімен құттықтамаған күйеуіне ашуланып, оны пышақтап тастады

Өскеменде туған күндегі құттықтау мәселесіне байланысты отбасылық жанжал шықты.

8585

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Өзінің күйеуіне туған күніммен құттықтамадың деп ренжіген әйел оған ауыр түрдегі пышақ жарақатын салған.

32 жастағы А. өзінің туған күнінде үйіне таңға таяу оралады. Үйде бірге тұратын ер адам жатқан. Бірер күн бұрын А. оған арақ ішкізіп, ренжісіп, сосын әпкесімен бірге қыдыруға кетіп қалыпты.

Үйге келгеннен кейін А. ер адамды туған күніммен құттықтамадың деп айыптай бастайды. Бұл жанжалдың соңы үлкен дауға ұласқан. Ұрыс кезінде ашуға берілген әйел асүй пышағын алып, ер адамның ішінен ұрады. Алайда өзі қорқып кетіп, көршісіне айтып, “жедел жәрдем” шақырады. Дәрігерлер жетемін дегенше әйелдің өзі оған алғашқы көмекті көрсетіпті.

Зардап шегушіге операция жасалды. Сот кезінде ол әйелмен татуласқанын, оны қатаң жазаламауды сұрапты. Алайда №2 қалалық сот әйелді үш жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысында үш жігіт мінген көліктің жүксалғышынан аяқ-қолы байлаулы адам табылды (видео)

Кондуктор таяққа сүйенген егде кісіні автобусқа кіргізбей итеріп жіберді (видео)

Қазақстандық әйел: Орыс құрбыларым педофильден құтқарып қалғанда қуандым

Қазақстандық әйел аурушаң қызымен еркін қыдыра алмайтынын айтып жылады

Талқылау