Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемендік әйел едендегі шалшық үшін туысқанына пышақ салған

Өскемен қаласында әйел лас еден үшін туысқанымен керісіп, оған пышақ салып алған.

нож нападение убийство заглушка

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Үйіне кеш келген 36 жастағы әйелдің үй ішіндегі көрініске көңілі толмаған. Дәліздегі еден үстінде күйеуінің туыстары мас күйінде ұйықтап жатады. Әсіресе, қоқысқа толған еден үй иесінің ашуын одан әрі келтіреді. Ол айқайлап туыстарын қуа бастайды.

Ақыры айқаймен қарсылығын жеткізе алмаған әйел, күйеуінің туысына пышақ сілтейді. Тек қанды көргеннен кейін ғана есін жиып, жараны таңа бастаған.

Қуанышқа орай, зардап шегуші ауыр жарақат алғанына қарамастан аман қалған. Тіпті әйелге де кешірім беріпті. Ал Өскемен қалалық №2 соты болса айыптыны үш жылға бас бостандығынан айырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз:

Руслан Күлекбаевқа кесілген өлім жазасы орындалмауы мүмкін

Ресейде 13 жастағы қыз сүйіктісіне қосылу үшін өз туыстарын өлтіріп тастамақшы болған

Оңтүстік тұрғыны ойламаған жерден екінші әйел алып, екі әйелімен бір төсекте жатып жүр

Ақтөбеде сылқым келіншек бірнеше ер адамды алдап 30 мың доллар ақша алып кеткен

Талқылау