Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде аутизммен ауыратын жоғалып кеткен бала құтқарылды

Кеше, 10 шілде күні кешкі уақытта аулада велосипед теуіп жүрген жеті жасар бала үйге қайтып оралмайды. Алаңдаған анасы бұл туралы полицияға хабар беріп, баланы іздеуге әлеуметтік желі қолданушылары да кірісіп кетеді.

d53d083e-f2c3-45e2-97a2-f7c47d95be2f_FULLSCREEN

Сурет kremen.today

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Бала велосипедпен Куратов көшесі бойында қыдырып жүрген. Ол қараңғы түскенше далада жүріп, үйге қайтар жолды аңғара алмай қалған. Баланың аутизммен ауыратыны да белгілі болды. Психологтар баланың бойындағы осы ауру оған қауіпті сезінуге жол бермейді дейді.

ШҚО ішкі істер департаменті баланы бірнеше сағаттың ішінде таба алған.

“Понтонды көпір жақтан баланы тапқан қала тұрғындары полицияға хабарласты. Бала өзінің адасып кеткенін мойындады”, – делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары баланы ата-анасына табыстады.

Талқылау