Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде аудан әкімін өлтіруге тапсырыс берген малшы сотталды

Шенеунікпен есеп айырысуға бақандай үш бірдей киллер жалдаған шаруа енді 22 жылын түрмеде өткізуі тиіс, – деп хабарлайды КТК аранасының сайты.

2135cfeabd01d61f2269d567673325e9

 

Сурет: 09region.kz 

Қанды оқиға былтыр жазда Күршім ауылында болған. Малшы аудан әкімінің 30 бас жылқысы мен 100 қойын ұрлаймын деп ұсталып қалыпты. Шенеунік малдың орнын толтыруды талап еткен. Бірақ олжасынан оңай ажырағысы келмеген ол керісінше 3 ауылдасын жалдап, қожайынның үйіне жіберген екен.

Қаніпезерлер әкімді атып өлтірген. Әрі марқұмның жарты миллион теңгесін үптеп кетіпті. Ал ақысына 5 бас жылқы алған. Киллердің үшеуі – 15, 17 және 19 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ сотталушылардың туыстары үкімді дәйексіз шығарылды деген пікірде.

-“Ешқандай дәлел жоқ мына жерде. Ешкім ешқандай дәлелдей алмай қалды. Мылтық жоқ. Біз енді ізденеміз”, – дейді сотталушының туысы Айдарбек Әбдірәшов.

Талқылау