Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде ата-анасы ұлдарының «сәтсіз» суициді үшін 2,5 миллион теңге төлейтін болды

Өскеменде ата-анасы ұлдарының «сәтсіз» суициді үшін 2,5 миллион теңге төлейтін болды. Өзіне қол жұмсамақ болған жас жігіт 16-қабаттан секіріп, автокөлік үстіне құлаған. Аурып жарақат алған жігіт аман қалыпты. Алайда автокөлік иесі жігіттің ата-анасына қуыным беріпті. Сот қуынымды қанағаттандырған екен. Ендігі ата-анасы зақымдалған автокөлік үшін 2,5 миллион теңге төлеуі тиіс.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Заңгерлердің айтуынша, жігіт өзіне қол жұмсап көз жұмғанның өзінде, ата-анасы зақымдалған мүлік үшін төлем төлейтін еді.

«Егер олар өзіне қол жұмауға ниеттенсе, алдымен туыстары туралы ойласын. Себебі олардың әрекеті үшін туыстары жауапкершілікке тартылады. Егер ол тірі қалып, қабілетті деп танылса, онда өз әрекеті үшін толықтай жауап береді», – дейді адвокат Игорь Блажин.

Тағы бір мысал, бір ай бұрын жасөспірім қызымен ұрысып қалып, жүріп бара жатқан көліктің астына түскен. Апатқа жасөспірімді кінәлі деп тапқан. Бірақ зақымдалған көлік үшін тағы да туыстары жауап береі. Жас жігіт жұмыс істемейді және алған жарақаты себепті жақын уақытта жұмыс істей алмауы да мүмкін.

«Оған 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Ол «Лексус» маркалы автокөлік иесіне материалдық шығынды өтейтін болады», – дейді Өскемен ІІД баспасөз хатшысы Әсел Әміренова.

Өзіне қол жұмсағысы келетін адамдарды өзімшіл дейтіні бекер емес. Көбісі басындағы қарызы үшін өмірімінен қоштасып, қарызын туыстарының мойнына қалдырып жатады. Себебі өлім міндеттен құтылуға негіз бола алмайды.

«Адамдар не істеп жатқанын түсінбейтін сәттер де болады. Дәл қазір оның жағдайы нашар, сондықтан өзіне қол жұмсады. Алайда мұның басқа да қитұрқы жағы бар. Ол адамдардың өзін көндіруі үшін қасақана жасайды», – дейді психолог Людмила Русина.

Айта кетсек, Қазақстан суицид көрсеткіші жоғары елдердің ондығына кіреді екен. Яғни 100 мың адамның 20-сынан көбі өзіне қол жұмсайды.

Оқи отырыңыз:

Пластиктен жасалған ыдыстың денсаулыққа қаншалықты қауіпті екені белгілі болды

Таиландта Шәмшінің әнін орындаған Баян Алагөзова желі қолданушыларын қайран қалдырды (видео)

Данэлия Төлешова өзінің арманы туралы айтып берді

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Төреғалиден ақшасын ала алмаған продюсерді сынап тастады

Айсәуле Бақытбек жігітімен азаматтық некеде тұрғанын ашық айтты

Талқылау