Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде әскери қызметкер жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Облыс орталығында павлодарлық әскери қызметкер Дәулет Орынтаевты іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өскеменде келісім-шарт бойынша әскери қызметте істеп жүрген 22 жастағы жігіт бір апта бұрын жоғалып кеткен.

yO1tOEczZPI_0

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Дәулеттің жақындары оның бұлайша жоғалып кетуінің себебін біле алмай дал.

“Біз өзіміз Павлодарда тұрамыз. Ол Өскеменде пәтер жалдап тұрады, әскери қызметі бар. 28 ақпан күні кешкі 17.00 шамасында оған старшина келді. Ал кешкілік сегіздер кезінде туыстары қоңырау шалған кезде, оның телефоны өшіп тұрған. Пәтерінде жоқ болып шықты. Ата-анасы Өскеменге келіп, полицияға хабарласты. Әзірге нәтиже жоқ. Біз көріпкелдерге хабарласқанымызда, оны Өскеменнен 14-20 шақырым жерде күшпен ұстап отырғанын айтты. Не істейтінімізді білмейміз”, – дейді туысы Мәди Рахымбергенов.

Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер департаменті әскери қызметкерді іздеумен әскери прокуратура айналысып жатқанын мәлімдеді.

Талқылау