Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде асқазанынан шаш шыққан қыз: Әкесі қызының оңашада өз шашын жейтінін айтты

Дәрігерлер 10 жастағы қыздың асқазанынан бір уыс шашты алып шығып, оның өмірін сақтап қалды. Кеуде тұсы түйіп ауыра берген соң, ата-анасы медициналық көмекке жүгінген екен.

Ал, жеткіншектің ас қорытатын жерінде осыншама түйнекті көрген мамандар таңданыстарын жасыра алмады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Мұндай қалдықтар көбінесе жүйке жүйесі бұзылған балаларда жиі кездеседі екен. Олар күйзеліске ұшыраған кезде шаштарын шайнап, оның ұштарын қалай жұтып қойғандарын өздері де байқамайтын көрінеді. Осы орайда, мамандар шашпен ойнайтын балаларға аса сақ болу қажеттігін ескертуде. Ал, ота жасалған қыз дәрігерлердің бақылауында. Ем-домын алып жатыр. Қазіргі күні жағдайы орташа.

«Анасынан сұрастыра келе бала өз шашын өзі жейтіні және тырнақтарын кеміретіні анықталды. Бұл көбінесе осы жастағы балаларда кездеседі. Көбінесе, қыз балаларда кездеседі. Ол жеген шаштың бәрі асқазанға жинала береді, жинала береді да, комок болып тұрып қалады. Кейін ол ыңғайсыздық жағдайларға, тамағының қорытылмауына әкеледі. Сондықтан да бұл балаларға ота жасалады» – дейді Ана мен бала орталығы хирургия бөлімшесі меңгерушісінің міндетін атқарушы Бауыржан Түлкібаев.

«Ана шашын ұстап алады да, аузына басып жібереді. Көрсетпейді. Содан ақырын, ақырын жинала бастаған нәрсе. Содан болған жағдай» – дейді әкесі Мұрат Оқасұлы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау