Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде араққа тойып алған қыз танысының көлігін ұрлап мініп кетіп, апатқа ұшырады

19 жасар бойжеткен танысының «Тойота Хайландер» көлігін жарға жықты

naruchniki4

Бұл туралы YK-avto.kz хабарлады.

Өткен жексенбіде араққа сылқия тойған 19 жасар өскемендік қыз танысының «Тойота Хайландер» деген көлігін ұрлап мініп кетеді. Бірақ бірінші бұрылыста-ақ көлікті игере алмай, соғып алған. Нәтижесінде кроссовер жолдан шығып кетіп, қарға тіреліп қалады.

БҚО ІІД хабарлауынша, оқтға 3 қаңтар күні түнгі сағат үштер шамасында орын алған.

«Полицияны автомобиль иесі шақырды, – дейді ведомство  өкілдері. – Көлік ұрлап мінген қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды».

Оқиға туралы басқа мәліметтер берілмеді.

Талқылау