Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде қыздарды Дубайда жезөкшелікпен айналысуға үгіттеген үш тұрғын айыпталды

Өскеменнің №2 сотында адам саудасына қатысты сот отырысы өтті. Үш қала тұрғыны жергілікті тұрғынды жезөкшелікпен айналысу үшін Араб Әмірлігіне жіберіп, ақша жасамақ болған, – деп хабарлайды YK-news.kz.

925043_600

Сурет cheslavkon.livejournal.com сайтынан алынды

Өскемен қаласы №2 сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, айыпталушы, 1 ер адам мен 2 әйел адам, қыздарға Дубайда жезөкшелік қызметі үшін айына 5 мың доллар ақша төлеуге және сол елге тегін көшіруге уәде еткен.

Полицейлер күдіктілерді Защита станциясында Өскемен-Алматы бағытынадығы пойызға мінер алдында ұстады. Олар жәбірленушілердің бірін Алматы қаласының әуежайынан Араб Әмірлігіне аттандырып жібермекші болған.

Сотта айыпталушыларды 7 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айыпталушылардың жеңгетайлықпен айналысып, Таяу Шығысқа қанша әйелді жібергені белгісіз.

Айыпталушылардың екеуі бұрын да қылмысқа барған. 40 жастағы Александр 2011 жылы жалған айыппұл қағаздарын жасағаны үшін, 50 жастағы Любовь 2009 жылы алаяқтық жасағаны үшін сотталған. Ол жеті жыл бұрын да әйелдерге Дубайға бару қызметін ұсынған.

Даниил Романов

Талқылау