Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде әкімдік кортежіне қарамай жолдан өтіп жарақат алған қыз жауапқа тартылды

17 жастағы қала тұрғыны бағдаршамның жасыл түсі жанғанда жолдан өтуге ыңғайланған. Дәл сол кезде жол қозғалысын реттеуші полицей көліктердің жүруіне рұқсат береді. Нәтижесінде көлік қызды соғып кеткен.

мс

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Тәртіп сақшылары жол қозғалысынан зардап шеккен қызды айыппұлмен жазалады. Оқиға 19 сәуір күні 15.30 шамасында Абай мен Михаэлис көшелері қиылысында болған. Бұл арада негізгі жүру бөлігі арқылы әкімдік кортежі еш кедергісіз өтіп кетуі тиіс болған. Сол себепті қиылысқа жол реттеуші полицей тұрған. Алайда бұл кезде ешқандай бағдаршам өшірілмеген.

“17 жастағы қыз реттеушінің тыйым салған белгісіне мән бермей, негізгі жолмен өтіп кеткен. Бұл кезде Михаэлис көшесі тарапынан №206 автобус оңға бұрылып шыға келеді. Қуанышқа орай, қыз қатты зардап шеккен жоқ. Алайда ол өзінің қауіпсіздігіне назар аудармағаны үшін, ҚР әкімшілік құқық бұзу кодексінің 615 бабы бойынша “жаяу жүргіншілер жолағында ереже бұзу” негізінде айыппұл хаттамасы толтырылды. Енді айыпкер 5 АЕК (10 605 теңге) төлеуі тиіс”, – деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Талқылау