Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменнің экс-әкімі Қуат Тумабаев полицейлерге қарсы сотта жеңіп шықты

Өскеменнің бұрынғы әкімі Қуат Тумабаев абырой мен ар-намысын қорғау процесінде жеңіске жетті. Ол риддерлік бұрынғы полицейден өтемақы ретінде 100 мың теңге алады. Алайда ол бастапқыда Сымбат Қайратовтан 6 миллион теңге өндіріп алмақ болған.

Қуат Тумабаев

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Еске сала кетсек, биылғы жылдың сәуір айында Қуат Тұмабаев отырған көлік 18 жастағы Евгений Смольниковті қағып өлтірген еді. Бұл кезде көлікті Риддер әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев тізгіндеген. Артынша 19 жастағы баланы қағып өлтіргені үшін Риддер қаласы  әкімінің орынбасары сот шешімімен  бір жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ал оның жанында болған Өскемен қаласының әкімі апаттың куәгері ретінде түсінік берген болатын. Расында, сол күні кешкісін қандай оқиғанын орын алғанын жол патрулінің бұрынғы қызметкері айтып берді. Осы жол көлік оқиғасынан соң, оны әріптесімен бірге жұмыстан шығарып жіберген.

Сымбат Қарқұловтың сөзінше, Қуат Тұмабаев апаттан кейін оқиға орнынан кетіп қалып, тоқтауын талап еткенін елемепті. Ал оның әріптесі Сымбат Қайратов экс-әкімнің мас болғанын және көлікті жоғары жылдамдықта айдағанын айтты. Алайда сотты Қайратовтың сөзі дәлелденбей, ол бұрынғы әкімге 100 теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді.

Ал Сымбат Қарақұловтың сөзін жоққа шығару мүмкін болмады. Сондықтан тараптар бір ай ішінде аппеляциялық шағым түсіре алады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау