Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде 16 жастағы қыз үш жасар бүлдіршінді қағып кетті (видео)

Өскеменде кәмілеттік жасқа толмаған қыз 3 жасар бүлдіршінді қағып кетті. Оқиғаның видеосы Instagram-дағы парақшалардың бірінде пайда болған.

Өскеменде 16 жастағы қыз үш жасар бүлдіршінді қағып кетті (видео)

Куәгерлердің айтуынша, анасы кәмілетке толмаған қызына рөлге отыруға рұқсат берген. Жол-көлік оқиғасы 22 маусым күні облыс орталығының сол жақ жағалауында орын алған, деп хабарлайды Устинка LIVE.

“Сағат 16.30 шамасында 200 жылы туған қыз Сәтпаев даңғылындағы автотұрақтардың бірінде “Киа Рио” автокөлігін басқара алмай, 2015 жылы туған баланы қағып кетті. Бүлдіршін жаяу жүргіншілер жолында кетіп бара жатқан. Нәтижесінде бірнеше жерінен жарақат алған бүлдіршін ауруханаға түсті”, – деп хабарлады Өскемен ІІБ-нің баспасөз хатшысы Әсел Әміренова.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау