Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемен жұртшылығы Ерасыл Әубәкіровты аза тұтып жатыр

Өскемен Ерасылдың өлімін аза тұтып жатыр. Ол оқыған орта мектепте оқу процесі бір минут үнсіздікпен басталды. Ал бірге оқыған студенттер Ерасылдың өліміне қатысты істің ақ-қарасын әділдікпен ашылуын сұрайды.

20160210_02_49_04_44697_0

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Студенттер қылмыстық іске нақтылы тексеру жүргізіліп, Ерасылды айуандықпен өлтіргендердің қатаң жазалануы керек деп есептейді. ІІМ іске қатысты төрт күдіктінің ұсталғанын жариялады. Бұған дейін Аян Мейірбаев және Нұрбек Әжімбай есімді күдіктілерді жария еткен болатын.

Ұстаздар мен оқушылар Ерасыл Әубәкіровты еске алу үшін спортзалға жиналды. Ұстаздар Ерасыл туралы естеліктерімен бөлісіп, одан үлкен үміт күткендерін айтты. Ол бірінші сыныптан бастап өзінің музыкалық талантымен көпшілікті тәнті еткен. Журналистер оның туған үйіне де бас сұққан. Әрине, үлкен қайғыдан бас көтеру оңай емес, туыстары әрең сөзге келді.

“Жазасын алсын бұлар. Олар осы үшін барлығына жауап береді! Олар байдың баласы болғандықтан босатып жібере ме деп қорқамын. Ол өз-өзімен жүрген бала. Ешкімге тиіспеді. Ал олар бұлса мұны итше тепкілеп, азаптаған. Ол көп нәрсе туралы армандайтын”, – дейді анасы Кенжегүл Әубәкірова.

Кенжегүл Әубәкірова, олар баласын қорқытқан деп есептейді. Жоғалардан аз уақыт бұрын телефонмен сөйлескенде, оның дауысы мұңды болыпты. Соңғы рет ол каникулда болған кезде, ешқандай проблема туралы айтпаған.

Талқылау