Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемен тұрғыны жабылған 80 банка мен 6 қап картоп ұрлаған

Жергілікті тәртіп сақшылары қала тұрғыны  әйелдің  құны 175 мың теңге шығатын, жабылған банкаларын қолды еткенін анықтаған.

kompoty_nazimu

Бұл туралы  ШҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Қылмыс  8 желтоқсан күні болған. Белгісіз азамат Потанина көшесінің бойындағы үйге кіріп қоймасынан  жабылған  көкөністер мен  тосапқа толы 80 банка ұрлап шыққан. Ұры бұнымен қоса алты қап картопты да алып кеткен. Қолды болған заттық бағасы 175 мың теңге болған. 54 жастағы үй иесі  жағдайды беле салысымен полицияға хабар берген.

Араға бірнеше күнді сала отырып күдікті табылған. Ұры 33 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шыққан. Қазір қылмыстық іс қаралып жатыр.

Талқылау