Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемен тұрғыны уақытты 1 сағат алға жылжытуды ұсынды

30 жастағы облыстық орталық тұрғыны Артем Ларинов мемлекет халқын ерекше науқанға қатысуға шақырып жатыр. Өскемендік азамат уақытты бір сағат алдыға жылжыту үшін петицияға қол қойдырып жүр. Бұл петицияны Ларинов облыс әкімі Даниал Ахметов пен елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдамақ.

image

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

Белсендінің басты мақсаты – күнді ұзарту. “Мен де өзге тұрғындар секілді аптасына алты рет кешкі сағат жетіге дейін жұмыс істеймін. Жұмыстан кейін кешкі ас ішіп алған соң велосипед айдап, бассейнге барып, жағажайда жүріп қайтқым келеді. Алайда біз үйге барамыз дегенше кеш батып кетеді. Сағатты жылжыту арқылы Қазақстан халқы салауатты өмір салтын сақтанып, көше шамдарын үнемдеп, бюджетке пайдасын тигізеді. Біздің қаламызда онсыз да көше шамдары күніне бірнеше сағат қана жанады”, – дейді петиция авторы.

Ларинов уақытты бір-ақ рет жылжытуды және осындай күн тәртібін жыл бойы қалыптастыруды ұсынады.

“Қыс айларында жұмысқа ымырт кезінде баруымызға тура келгендіктен, сол маусымда ғана қиналамыз. Меніңше, мұндай бастама үшін шыдай тұруға болады”, – дейді Артем Ларинов.

Белсендіні әзірге электронды петицияға қол қойған 34 адам қолдап отыр. Мұнымен қатар, әлеуметтік желіде жасырын дауыс беру арқылы 204 адам қолдаған.

Талқылау