Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемен тұрғыны тауығына қарғыбау тағып серуендетті

Өскемен тұрғыны тауықты өзге үй жануарлары секілді асырап, мойнына қарғыбау тағып серуендеткен. Оның иесі 53 жасар қала тұрғыны екен.

photo_182017

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

“Мен былтыр күзде балапанымен бірге асырап алғанмын. Бұған дейін менде тасбақа мен балық та болды. Бірақ, мен тауықты асырау керек деп шештім. Бұл үш жыл бұрын еді. Үйімде тауық асырағанды бұрыннан армандайтынмын. Ақыры байқап көрейін деп біреуін асырап алдым”, – дейді Эльвира Степанова (аты-жөнін өзгертуді өтінді)

Тауық әр күн сайын жұмыртқа береді екен.

“Жұмыртқалар экологиялық таза. Оның қабығын тауықтың өзіне беремін. Оған кальций өте керек. Оны жарма, көкөністермен де тамақтандырамын”, – дейді иесі.

Эльвира сыртқа шыққан кезде де тауығы қашып кетпес үшін, оны бау тағып ұстап жүреді.

“Әрине біз серуендеп жүрген кезде адамдар таңырқап қарайды. Біреулер тек қарап өтіп кетеді, енді біреулер келіп түрлі сұрақтар қояды. Мен бұған үйреніп те қалдым”, – дейді ол.

Әйел өз тауығын жақын күндері ауылға жіберіп, асырамақ.

Талқылау