Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемен тұрғыны талып қалған досына көмектесемін деп өлтіріп алған

Семейде 1 жарым жылға созылған қылмыстық іс қаралды. 41 жастағы Өскемен тұрғыны абайсыздан адам өлтірді деп айыпталды.

68824_0

Сурет: nikvesti.com 

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

Есірткі шеккен танысы талмасы ұстап құлап қалған соң, айыпталушы оған көмектесемін деп тұншықтырып алған.

Спайс деп аталатын синтетикалық шегуші қоспа Қазақстанда жақын уақыттарда пайда болды. Елімізде марихуана есірткісіндей әсер ететін бұл қоспаны қолдануға алғашында рұқсат етілгенімен, 2015 жылдан бастап пайдалануға тыйым салды.

Сот шешімі бойынша, үш өскемендік ер адам Семейге іссапармен келіп, қонақ үйде тұрақтаған. Олар кондиционер қоюшы қызметін атқарған. Тергеу нәтижесінде олардың шегуші қоспаны қайдан алғандары анықталған жоқ. Олар бірігіп сол қоспаны шеккен.

Осыдан кейін үшеуінің ішіндегі бір азаматтың талмасы ұстап, еденге құлаған. Т. есімді айыпталушы оған көмектеспек болып, еденге жатқан жерінен мойнын білегімен қысып қалған. Соның салдарынан талып қалған азамат тұншығып өлген.

Алайда, айыпталушы бұл жағдайды теріске шығарды. Оның айтуынша, ол әріптесі талып қалған соң, оны еденге жатқызып, ол есін жиған соң солай қалдырғанын айтады. Тек ертесіне оның дұрыс жатпағанынан жағдайы жақсы емес екендігін түсінген. Олар жедел-жәрдем қызметін шақырған. Дәрігерлер оның қайтыс болып кеткенін айтқан.

Сот шешімі бойынша Т. кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұған дейін ол ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып қалдырған. Соттың шешімімен айыпталушыдан қайтыс болған азаматтың туыстарына моральді өтемақы ретінде 1 миллион теңге өндіріп алады.

Роман Кудинов

Жіберіп алмаңыз:

Балқашта күйеуі қызғаныштан әйелін тұншықтырып өлтірді

Ақтөбеде ер адам өзгемен көңіл қосқан әйелін тұншықтырып өлтірді

Талқылау