Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемен тұрғыны сэндвич ішінен қоңыз тауып алған

Өскемен тұрғыны облыс орталығының біріндегі жергілікті фирма өндіретін  сэндвичке қоңыз жабыстырылғанын байқаған.

Безымянный

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

Қыздың айтуынша, ол сэндвичті қала дүкендерінің бірінен сатып алған. Өзінің айтуынша, сэндвичтен табылған жәндік қосқұйрыққа ұқсайды.

«Мен сэндвичті дүкенге апарып өткіздім. Сатушы ақшамды қайтарып берді», – дейді тұрғын.

Ол қоңызы бар сэндвичті суретке түсіріп, әлеуметтік желіге жариялап жіберген. Кейбір қолданушылар қыздың осылайша фирма атына кір келтірмек болғанын айтады. Ал, ең қызығы фирма қызметкерлері де осындай пікірде екен.

«Біз өнімдерімізді мұқият тексеріп отырамыз. Онда ешқандай жәндіктің болуы мүмкін емес. Бұл бізді қаралау үшін жасалған бәсекелестеріміздің әрекеті болуы мүмкін», – дейді кәсіпорындағылар.

Даниил Романов

Талқылау