Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемен тұрғыны патрульдік көлікте ұйықтап жатқан полицейді суретке түсіріп алды

Қала тұрғыны қаланың шеткі жағында тұрған полицейлер мінетін “УАЗ” автокөлігін байқап қалған. Ал ішінде тәртіп сақшысы ұйықтап жатқан.

Безымянный

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Интернет-қолданушысы қызметтік көлік салонында ұйықтап жатқан екі тәртіп сақшысын суретке түсіріп алып, жариялап жіберген. Көлік қаладан оқшау, тұрғын үйлерден алыс маңайға орналасқан екен.

Сурет авторы бұл сәттің нақты қай жер, қай уақытты орын алғанын айтпаған. Әйтсе де, көліктің мемлекеттік нөмірі мен сыртқы көрінісі ондағы адамдардың қалалық жол-патрульдік полициясы екендігін нақты айғақтап тұр.

Xe_JF2fV6dI1

Әзірге полицей басқармасы бұл жағдайға қатысты қандай да бір түсініктеме берген жоқ.

Талқылау