Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемен тұрғыны өзі бұзақылардан арашалап алған жігітті тонап кетті

Облыс орталығында жас жігіт белгісіз ер адамды бұзақылардан қорғап қалып, артынша оны өзі тонап кеткен.

1191729

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

22 жастағы Т есімді азамат әріптестерімен бірге кафеде ұжымдық мерекені атап өткен. Сыртқа темекі тартуға шыққан кезде ол үш адамның масаңдау бір бейтаныс жігітке тиісіп тұрғанын көреді. Олардың шаруасына араласқан Т. ерегесті тоқтатып, бейтаныс жігітті бұзақылардан аулаққа алып кетеді. Әлгі бейтаныс жігіт Т.-дан такси шақыруды сұраған.

Такси келген кезде бейтаныс жігіт мекен-жайын да дұрыстап айта алмай, аяғынан да әзер тұрған. Жүргізуші Т-дан жас жігітпен бірге жүруін өтінеді. Межелі жерге дейін дұрыс жол болмағандықтан таксист оларды әрі қарай апара алмай орта жолдан тоқтайды. Жүргізушінің күте тұруын өтінген Т. бейтаныс жігітті үйіне дейін апарып салуға кетеді.

Жүргізуші сәл алыстаған кезде Т. өзінің серігінің бетінен ұрып құлатып, төпелей жөнеледі. Одан соң қалтасын ақтарып, ұялы телефонын тартып алып, әлгі таксимен мереке болып жатқан кафеге қайтып келген. Ол өз әріптестеріне смартфонды такси салонынан тауып алдым деп түсіндіреді.

Ал зардап шеккен жігіт бірден полицияға хабар береді. Тәртіп сақшылары көп қиналмастан такси жүргізушісін де, Т-ны да тапқан.

Сотта күдікті өз кінәсін мойындамай, телефонды таксиден тауып алғанын айтады. Сосын ол смартфонның өзіне керек емес екенін, жоғары жалақы алатынын, керек болса қымбат техника сатып алуға жағдайы жететінін де баяндайды. Бұл оқиғаға дейін де Т. ұрлық жасағаны үшін сотталған екен.

Өскемен қалалық №2 соты кінәліні алты жылға бас бостандығынан айырды.

Оқи отырыңыз:

Көкшетауда танымал репититорды тура өз үйінде бауыздап өлтірген

Ақмола облысында екі айлық cәби анаcын еміп жатып тұншығып шетінеді

Қарағанды облысында браконьерлер инспекторлардың көлігін өртеп жіберді (видео)

Көкшетауда әйелді бауыздап өлтіріп, тонап кеткен осы отбасының танысы болып шықты

Талқылау