Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемен тұрғыны өртеніп жатқан үйден көршісін шығарып алды

Өскеменде 33 жастағы ер азамат өртеніп жатқан үйден көршісін шығарып алды. 7 мамыр күні үйінде теледидар көріп отырған Павел Качесов түтін иісін сезген. Әйелін оятқан ол тұрғын-үйдің өзге тұрғындарына қауіп жайлы ескертіп үлгерген.

Өскемен тұрғыны өртеніп жатқан үйден көршісін шығарып алды

© Sputnik / Александр Кожохин

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Качесов үшінші қабатта орналасқан 65 жастағы көршісінің пәтерінен көк түтін шығып жатқанын көрген соң, оны құтқаруға бел буған. Павел төртінші қабаттың балконынан өрт шыққан үйге кірген.

“Су орамалға оранып, балкон есігін сындырып, ол ішке кірді. Қараңғы мен түтін ортасынан көршісін тауып оны балконға шығарды. Кейін кіретін есікті ашып, азаматты далаға алып шықты”, – деп хабарланды қалалық төтенше жағдайлар басқармасынан.

Пәтер иесі электржылытқышты қосулы күйінде қалдырған, көп ұзамай оның үстіне жастық құлап, өрт шыққан.

Құтқарылған азамат аман-сау. Ал Павел Качесовтың ерлігі жайында көршілері айтып беріпті.

Тағы оқыңыз: 

4 жыл жыныстық құлдықта болған қыздың оқиғасынан соң желтоқсаншылар қонақүйлерді өртейміз деп дабыл қақты

Білім министрлігі мектеп бағдарламасын жеңілдетпекші

Айлығым 29 мың теңге: БҚО-да алаяқ әйелдің атынан 1 миллион 200 мың теңгеге несие алған

Медицина университеті студенттерінің IELTS сертификаттарының жалған екенін қалай білген

Талқылау