Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемен тұрғыны қарызын қайтару үшін 2 млн теңгеден астам ақша ұрлаған

Өскемендік жігіт 2 миллионнан астам ақша ұрлап, өзінің айтуы бойынша, онымен оқу ақысын төлемек болған.

neizvestnyj-muzhchina-obokral-84-letnyuyu-v-ee-zhe-dome

Сурет: misanec.ru 

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

Қылмыстық істің мәліметінше, 21 жастағы қала тұрғыны 2 үйге ұрлыққа тұскен. Ол үй ішіне пластикалық терезелер арқылы кірген. Бірінші үйден ол ешнәрсе таппапты. Екінші үйден шетел валютасымен сақталған қомақты қаржы мен алтын сырғаларды қолды қылған.

Жігітті полицейлер ұстаған. Айыпталушы сот отырысында ақшаны оқу ақысын төлеуге досынан алған қарызын беру үшін ұрладым деп ақталды. Алайда, оның досына құны 40 мың теңге тұратын алтын сырғаны беріп құтылғаны анықталды. Қалған 2 миллион теңгені өз керегіне жаратқан. Не дегенмен құқықбұзушы бостандықта қалды. Сот оны шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Роман Кудинов

Жіберіп алмаңыз:

Өскеменде қалалық сотты күзеткен полицей мемлекеттік көліктің дөңгелегін ұрлаған

Өскемендік бөтеннің саяжайынан гүл ұрлағаны үшін жауапқа тартылды

Талқылау