Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемен тұрғыны автобуста Путиннен аумайтын кісіні суретке түсіріп алған

Жақын күндері әлеуметтік желі қолданушыларының арасында РФ президенті Владимир Путиннен аумайтын азаматтың суреті тараған. О кісіні Өскемен тұрғыны қаладағы қоғамдық көліктердің бірінде кездестірген екен.

путин
Бұл туралы STAN.KZ сайты Yk-news.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Әлеуметтік желіде бұл сурет « Жақында Путинмен бір автобуста отырдық» деген атпен тарап кеткен. Фотоның авторы жақында ғана автобуста Ресей президентінен аумайтын адамды кездестіріп қалғанын, суретке түсіріп алғаны жайлы айтқан.

«Бұл дүйсенбі күні №6 қоғамдық көлікте болған еді. Кешкі сағат 8 шамасы еді»,-деген сурет авторы. Және өз атын жария етпеуді сұраған.

«Тура маған қарсы бетте отырды. Суретке түсірмеу мүмкін емес еді. Себебі Путиннен аумайтын адаммен күнде кездесе беру бұйыра бермейді»,-деген сурет авторы.

Талқылау