Өскемен тұрғыны 83 жастағы туған анасын үскірік аязда далаға қуып шыққан

Сейсенбі, 29 Қараша , 2016 7:34

Өскемен тұрғыны туған анасын үскірік аязда далаға қуып шыққан. Егер бейтаныс жандар 83 жастағы қартқа көмек көрсетпегенде, кейуананың қыстың қаһарлы күндерінде аман қалуы екіталай еді.

3636

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Және мұндай жағдайлар бүгінгі қоғамда өте көп кездеседі. Осындай ең қиын кезеңдерде Шығыс Қазақстанның гендерлік саясатының арқасында ашылған күйзеліс орталығының мамандары көмекке келеді.

Әлеуметтік-психологиялық көмек беретін күйзеліс орталығында жатқан сексен үш жастағы Анна Лошкарева үшін жүріп-тұрудың өзі қиын. Өйткені бірнеше күн бұрын туған ұлы аяусыз ұрып, үйден қуып шыққан. Қыстың қырық градус аязында далада қалған кейуана бойын жылытпақ болып дүкенге кіреді. Қарияның жағдайын көрген дүкен қызметкерлері тәртіп сақшыларын шақыртады. Полицейлер қартты бірден осы орталыққа орналастырған.

“Кішкене қызып алған ұлым мені жатқан жерімнен сүйреп, тұншықтыра бастады. Теуіп, ұрып, “сені пышақтаймын” деп айғайлады”, – деді Өскемен қаласының тұрғыны Анна Лошкарева.

Өскемендегі әлеуметтік-психологиялық көмек көрсететін күйзеліс бөлімшесі он жылдан бері қиын жағдайға тап болған қыз-келіншектерге жәрдем беріп келеді. Орталық негізгі үш бағытта жұмыс істейді: тәулік бойы сенім телефоны, кеңес беру және өз қамқорлықтарына алу бойынша. Оны гендерлік саясаттың аймақтық жоспарын жүзеге асыру негізінде ашқан.

“Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап біздің кеңесімізге 500 аса әйел жүгінді. Орталықта 62 адам болса, тағы 2000-ы сенім телефонына қоңырау шалған. Ал он жылда 30 000 адам көмек сұраған”, – дейді Әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету күйзеліс бөлімінің меңгерушісі Салтанат Нұрғазинова.

Өскемендегі “Аналар үйінде” балалы аналарға білім алып, тұрмыс жағдайына үйретеді. Ал азық-түлік, киім-кешек, тазалық заттарын оларға қалталы жандар береді.

Оқи отырыңыз:

Қостанай облысында 8 баланы асырап алған отбасыға жаңа баспана берілді

13 жасқа толған ақын бала Жамбыл қалыңдық айттырып сырға салды

Мұсылман жігіт жылап тұрып сәжде үстінде жан тапсырды (видео)

Күйші: Домбырамды су жаңа «Тойота Камри 40» көлігіне айырбастамай қойдым

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар