Өскемен тұрғындарын афишадағы Георгий лентасымен түскен жалаңаш қыздың суреті ашындырды

Сәрсенбі, 20 Сәуір , 2016 20:18

Тұрғындардың бойынша, 9 мамырға арналған автожарыс афишасы барлық Ұлы Отан соғысының ардагерлерін масқаралап тұр. Ал, плакат авторлары бұдан еш әбестік көрмейді. Олар қайта әйелдің бөксесі Жеңіс күнінің белгісімен сәйкес келіп тұрғанын айтады.

Безымянный

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

Таңертеңнен бері әлеуметтік желіде Жеңіс күніне орай ғаламторда жарияланған афиша қолданушылар арасында қызу талқыға түсті. Плакатта Георгий лентасы мен Кеңес одағының орақ пен балта белгісі және жалаңаш қыздың бөксесі бейнеленген.

«Қазіргі заманда құндылықтарымыздың маңызы жойылып барады. Адамдарда құрмет деген түсінік жоғала бастаған сияқты. Барлығын жалаңаш бөкселер басып алып жатқанда не айтуға болады? Өте қайғылы әрі ұят жағдай», – деп Игорь Постельняк есімді облыс орталығының тұрғыны ашына жазды.

Бұл суретті ғаламторда жарияламас бұрын әр түрлі қызмет орындарынан рұқсат алдық. Георгий лентасы Жеңіс күнінің немесе құрмет пен ерліктің белгісі емес. Оның үстіне әдемі әйелдің сымбатты мүсінінде тұрған не бар? Афиша біздің тобымыз бен әлеуметтік желіде жарияланды. Біз оны одан әрі жариялай түсеміз деп немесе қала билбордтарына ілеміз деп жоспарлаған жоқпыз», – дейді автожарыс ұйымдастырушысы Ерлан Әзімбаев.

Тұрғындарың наразылығынан кейін автожарыс ұйымдастырушылары афишаны өзгертетінін айтты.

Алексей Веселов

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар