Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемен тұрғындары қоқыста жатқан Абайдың басын көріп ашуланды 

Өскеменде қазақтың бас ақының Абайға тұрғызылған ескерткіш қоқыста жатыр.

Бұл мүсінде 2014 жылы Шемонайха ауданының әкімдігі тапсырыспен жасатқан, деп жазады «Дидар» газетінің ардагер журналисі Әміренов Мұрат.

«Кеше әуежай жақтағы гаражыма бара жатсам, сол жердегі бір жер үйдің қақпасының алдында шаң-шаң болып Абай атамыздың кеуде мүсіні жатыр. Үлкендігі әжептәуір. Жүрегімді қан жылатқаны сол, әлгі мүсіннің күл-қоқыстың арасында жатқаны болды», – деп мәлімдеме жасаған журналист.

Осыдан соң altaynews.kz оқғаның мән-жайын анықтады.

“Расында да сол аэропорт жақтағы Семипалатинская көшесінде орналасқан 86 үйдің қақпасының алдында Абай атамыз жатыр. Жатқан жоқ, тұр екен. Айналасы күл-қоқыс, төгілген құм, шашылған қызыл кірпіштер. Ары-бері қозғап көрмек болып едік, ауыр екен. Үш адам қозғалта алмадық. Сол сәтте үйдің иесі де сыртқа шықты. Өзін Владимир Самойлов деп таныстырған азамат сол үйдің қожайыны екен. Нақтырағы сол үйдің қожайыны болған мүсінші Самойловтың ұлы боп шықты”, – дейді тілшілер.

Владимир Самойлов әкімдіктегілерге өкпесін айтты. Айтуынша, олар Аайдың мүсініне тапсырыс беріп, кейін алмай қойған. Мүсінді тапсырыспен әкесінің жасағанын айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау