Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемен прокуратурасы токсикоман-оқушыларды қолға түсірді

Бақылау мекемесінің қызметкерлері токсикомандарды қолға түсірді.

foto205

Қалалық ақпараттық порталдардың біріне оқырмандардың бірі құрылыс дүкенінің алдына жиналып, уытты заттар иіскеумен айналысатын оқушылар тобы туралы ақпарат қалдырған еді. Қалалық прокуратура өкілдері аталмыш жазбаны тексеріп, Өскемен ІІБ-ға мәселенің анық-қанығын анықтауға тапсырма берді.

Бұл туралы ШҚО прокуратурасына сілтеме жасап «Өскемен жаңалықтары» хабарлады.

Полицейлер орта мектептердің бірінде білім алатын сегіз оқушыны қолға түсірді. Жасөспірім балалар айтылған жерде жүздесіп, оттұтатқышқа арналған сұйықтықты пакетке құйып иіскеген.

Аталған іске қатысы бар оқушылардың бәрімен профилактикалық жұмыс жүргізілді. Үш оқушы полиция есебіне тіркелді.

Жіберіп алмаңыз: 

Анасы ұрып-соққан қыз сот үкімі шыққанға дейін әкесімен қалатын болды

Демалыс күндері Қазақстанның кей бөлігінде күн +22 градусқа дейін жылынады

Қазақстанның қай қала тұрғындары ең жомарт жандар?

Жастардың ортасында бөксесімен эротикалық би билеген бойжеткен елді шошытты (видео)

Талқылау