Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемен көшелерінде бағдаршамдардың үш түсі бірдей жанды

Бүгін таңертең Абай даңғылы мен Ворошилов көшелерінің бойындағы бірнеше бағдаршам бір мезетте істен шыққан. Олардың барлығы бір сәтте үш түсті де көрсеткен.

sfetofor20160316_1

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Бағдаршамдардың бірдей үш түс көрсетіп, істен шығуы жол-көлік қозғалысын қиындатып жіберген. Көлік жүргізушілері бұл сәтті суретке түсіріп алып, әлеуметтік желілерге де жариялаған. Желі қолданушылары Өскемен бағдаршамдарын “қайырымды” деп атаған.

Жол қозғалысы негізінде техникалық мәселелермен айналысатын «ВостокТрансСигнал» ЖШС, қазір кеткен қателіктермен жұмыс жасалып жатқанын айтты.

“Қазір ол жерде бригада жұмыс істеп жатыр. Коммуникацияға су тигендіктен бағдаршамдар істен шыққан. Жуырда бәрі түзеледі”, – дейді компания директоры Юрий Садыков.

Талқылау