Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемен қаласының орталығында бас сүйектер шашылып жатыр

Өскеменде экологтар ірі қара малдың шашылып жатқан бірнеше бас сүйегін тапты. Жартылай шіріп кеткен сүйектерді әлдекімдер қаланың орталығына әкеліп тастап кеткен, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өскемен қаласының орталығында бас сүйектер шашылып жатыр

Экологиялық қауіпсіздік орталығының қызметкерлері шашылып жатқан сүйектерді кезекті тексеріс кезінде тауыпты. Әлдекімдердің бас сүйектерді сайға ұзақ уақыт бойы лақтырып келгені анық. Олардың кейбірі шіріп те кеткен.

Экологтар сойылған малда түрлі ауру болған болуы мүмкін деп шошып отыр. Ең сорақысы, шашылған сүйектер тұрғын үйлерден бірнеше метр жерде ғана жатыр. Ол жерге үй жануарлары кіріп ктеіп, әрі қарай инфекция таратуы мүмкін. Сонымен қатар сол маңда Үлбі өзені ағып жатыр. Сондықтан инфекция бар болса, оның суға түсуі де ықтимал.

Ендігі бас сүйектермен не істеу керектігін әкімдіктегілер шешетін болады. Ал сүйектерді қала орталығына әкеп лақтырып кеткендерді полция тауып, жазалауы тиіс.

«Біз ол малдың қалай өлгенін білмейміз. Ауру болды ма, сау ма, ол жағы белгісіз. Толықтай шірімеген бас сүйектерде түрлі инфекция болуы мүмкін», – дейді ШҚО Экологиялық қауіпсіздің орталығының маманы Елена Полянцева.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау