Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемен қаласының әкімі жарты жылдан бері екі орынбасар таба алар емес

Қала әкімшілігіндегі орынбасарлар креслосы өткен жылдың күз айынан бері бос тұр. Қазіргі таңда әкімдікте әлеуметтік жағдайларға жауап беретін шенеунік жетіспейді.

Безымянный

Сурет e-crimea.info

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Өскемен қаласы әкімінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жөніндегі бұрынғы орынбасары Владимир Головатюк ШҚО облыстық мәслихатының хатшысы болып кеткен. Ал әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасар Бұлбұл Бакинова құрметті еңбек демалысына шыққан. Қазірге дейін олар атқарған міндеттерді әкімнің жалғыз орынбасары мен әкімшілік аппаратының басшысы атқарып келе жатыр.

Неліктен маңызды қызметкерлердің орындары бос тұр деген сауалға, әкімдік заң бойынша жалпы конкурс жариялардың алдында кадрлық резервте тұрған үміткерлер арасынан іріктейтінін айтқан. Алайда әкім орынбасары қызметіне шақырылғандардың барлығы қарсылық білдірген. Сол себепті әкімдік 2015 жылы желтоқсан айында жабық бос орындарына конкурс жариялады.

Алайда 1 қаңтардан бастап “ҚР мемлекеттік қызмет туралы” заңға өзгерістер енгізілді. Осылайша үміткерлерді іріктеу конкурстын тоқтатуға тура келді. Енді әкімдік қайтадан мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментке үлкен қызметке лайықты кадрлардың тізімін беру туралы өтініш білдірген.

Еске сала кетсек, әкімдік сайтында 2015 жылдың желтоқсан айында қала әкімі орынбасарының қызметіне 115 954 пен 156 314 теңге жалақымен ұсыныс жарияланған. Жарияланым мәтінінде үміткерлердің мемлекеттік қызметте үлкен тәжірибесі және үш жылдан кем емес жұмыс өтілі, бір жылдан кем емес басшылық қызметтегі жұмыс тәжірибесі болу керек екендігі көрсетілген.

Талқылау