Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемен қаласына жаңа әкім тағайындалды

Бүгін өңір басшысы Даниал Ахметов қала әкімі қызметіне Ерлан Аймұқашевті тағайындады. Жаңа әкім бұрын ШҚО әкімі аппаратын басқарған.

мч

Сурет ШҚО ақпарат орталығы

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Аймұқашев Ерлан Қапарұлы 1970 жылы 18 наурызда дүниеге келген. Павлодар педагогикалық институтында және Павлодар университетінде білім алған. 2000 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істеп келеді.

Ол Павлодар облысының әкімдігінде, ҚР Премьер-министрінің көмекшісі қызметтерін атқарған. 2012-2014 жылдар аралығында Еуразиялық Экономикалық комиссиясында энергетика және инфрақұрылым саласында хатшылық алқасының меңгерушісі, ШҚО әкімі аппаратының басшысы қызметтерінде жұмыс істеген.

Айта кетейік, Өскемен қаласының бұрынғы әкімі Темірбек Қасымжанов облыс орталығын 2013 жылдың наурыз айынан бастап басқарған.

Талқылау