“Оскар” жүргізушілері үздік фильмді жариялау кезінде қателесіп ұятқа қалды
“Оскар” сыйлығын салтанатты табыстау рәсімінде жүргізушілер қателесіп “Ла-Ла Ленд” фильмін жылдың үздік киносы деп атаған.
Ал шын мәнінде бұл атақты “Ай жарығы” картинасы иеленген екен. Америкалық режиссер Барри Дженкинс түсірген фильмде Майамиде өскен қара нәсілді баланың оқиғасы суреттеледі. Картинадағы басты рөлдерді Махершала Али, Наоми Харрис және Жанель Монэ сомдаған.
Фильм “Оскар” сыйлығына сегіз аталым бойынша үміткер атанған еді. Актер Али “Екінші пландағы үздік актер” атағын иеленсе, Дженкинс “Үздік бейімделген сценарий” аталымын жеңіп алған.
“Ай жарығы” бұған дейін де “Үздік драмалық кино” аталымы бойынша “Алтын глобус” марапатын да жеңген еді.
Қателікті голливудтік актер Уоррен Битти жіберді. Ол өзіне берілген конвертті ашып оқығанын ғана айтты. Осыдан соң ұйымдастырушылар болған жағдай үшін кешірім сұрады.
Битти хабарлағаннан кейін “Ла-Ла Ленд” фильмінің түсірілім тобы сахнаға шығып, алғыс айту тілектерін бастап кеткен болатын. Оны кештің жүргізушісі Джимми Киммел тоқтатып, шын мәнінде бұл жүлдені “Ай жарығы” картинасының жеңгенін айтады.
Осылайша “Оскардың” 14 аталымына да рекордты түрде үміткер атанып, үздік фильм бойынша басты фаворит атанған “Ла-Ла Ленд” небәрі алты жүлдемен ғана шектелді. Оның режиссері Дэмьен Шазелл үздік режиссурасы үшін бас бәйге алды.
Осылайша биылғы “Оскар” марапаты да өз мәресіне жетті. Назарларыңызға барлық аталым бойынша жеңімпаздарды ұсынамыз:
Үздік фильм – Ай жарығы (Moonlight)
Үздік актер – Кейси Аффлек (Manchester by the Sea)
Үздік актриса – Эмма Стоун (Ла-Ла-Ленд)
Үздік режиссер – Дэмьен Шазелл (Ла-Ла-Ленд)
Үздік ән – City of Stars (Ла-Ла-Ленд)
Үздік саундтрек – Джастин Гурвец (Ла-Ла-Ленд)
Үздік операторлық жұмыс – Ла-Ла-Ленд
Үздік қысқа метражды фильм – Sing
Үздік қысқа метражды деректі фильм – White helmets (Белые шлемы)
Үздік монтаж – Hacksaw Ridge (По сображениям совести)
Визуалды эффект – Жунгли кітабы
Қоюшы-суретші – Ла-Ла-Ленд
Үздік анимациялық фильм – Жануарлар қаласы (Zootopia)
Үздік қысқа метражды анимациялық фильм – Piper (Песочник)
Шет тіліндегі үздік фильм – Коммивояжер (Иран)
Екінші пландағы үздік актриса – Виола Дэвис
Екінші пландағы үздік актер – Махершала Әли
Үздік дыбыс монтажы – Arrival (Прибытие)
Үздік дыбыс – Hacksaw Ridge (По сображениям совести)
Үздік грим және шаш үлгісі – Suicide Squad (Отряд самоубийц)
Үздік деректі фильм – О’Джей: Америкада жасалған
Үздік костюм дизайны – Fantastic Beasts and Where to Find Them.