Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Оскар” сыйлығына үміткерлердің есімі бүгін жарияланады

Американдық киноөнері академиясы бүгін “Оскар” сыйлығына үміткерлердің есімдерін жарияламақ. Басты сыйлықты алуға кімдердің мүмкіндіктері жақын екенін анықтау арқылы, бәсекелестерді іріктеудің алдын-ала кезеңін аяқтап, аса қадірлі сыйлық үшін негізгі доданы бастап бермек.

1422642213_img2011110800211229

Бұл туралы inform.kz  хабарлайды

Ақпан айының соңына қарай, жеңімпаздарды марапаттау кеші ұйымдастырылады деп күтілуде. Үміткерлер есімін американдық киноакадемиктердің президенті Шерил Бун Айзекс пен мексикалық режиссер Гильермо дел Торо, американдық актер Джон Красински, сондай-ақ даңқты тайвань режиссері Энг Ли Беверли-Хилз ауданындағы Самуэль Голдуин театрында (астана уақытымен 19:30) жариялайды. Академия үміткерлердің толық тізімін және салтанатты сәтті өзінің ресми вэб-сайтында таратуға уәде берді.

Сыйлықтарды 88-ші рет тапсыру рәсімі Dolby  театрында өтеді және АВС телекомпаниясы әлемнің 225 еліне тікелей эфирде таратпақ.

Талқылау