“Оскар” сыйлығына үміткерлер арасында гейлердің болмауы Иэн Маккеленнің ашуын туғызды

Сейсенбі, 26 Қаңтар , 2016 15:42

«Хоббит» фильмінде ойнаған танымал британиялық актер Иэн Маккелен «Оскардың» бір де бір рет ашық гейлерге тапсырылмағанын айтып, Америка киноакадемиясын сынға алды. Оның ойынша, расизм секілді бұл мәселеге келгенде де әділқазылар теріс пікірде.

sillykellan

Бұл туралы Лента.Ру хабарлайды.

Актер, Том Хэнкс, Филип Сеймур Хоффман және Шон Пеннің кинода гейді ойнағаны үшін «Оскар» алғанын айтып, сондай-ақ, дауыс берудің қайта қаралу керектігін де білдірген.

«Егер сіз латынамерикандық немесе афроамерикандық актерлер секілді жетістікке жеткіңіз келсе, бұл тіпті де үміттенуге тұрмайтын нәрсе», – деп қосқан ол. Өзін ашық гей деп жариялаған Маккеленнің өзі 1998 жылы және 2002 жылы екі рет «Оскарға» үміткер атанған.

2016 жылғы «Оскар» сыйлығына үміткерлер тізімі жария етіліп, оның арасында бір де бір афроамерикандықтың жоқ екені белгілі болғаннан кейін-ақ дау басталған. Уилл Смит пен оның жұбайы, тағы да басқа бірнеше актерлер бұл салтанатты табыстау рәсіміне байкот жариялаған еді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар