Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өсімдіктер ауруды сезе алатын болып шықты

Өсімдіктер жапырағының немесе сабағының зақымдалғанын «сезініп», өзге бөліктеріне қауіп-қатер туралы хабарлай алатын болып шықты.

Өсімдіктерде "ауырсыну" сезімі бар болып шықты

Бұл туралы Science журналына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Жапония, АҚШ және Қытай ғалымдарының тобы өсімдіктерге тәжірибе жүргізген. Нәтижесінде өсімдік өзін бүлдіретін әсер пайда болған кезде құрамындағы кальцийдің мөлшерін өзгертіп, осылайша өзге сабақтары мен жапырақтарына «қауіп-қатер туралы дабыл» беретіні анықталды.

Мұндағы механизм нейромедиаторларға, яғни жануарлардың бойында сигналдың бір нейронның екіншісіне жіберілуіне жауап беретін заттарға ұқсас.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау