Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орыс жігіттер қазақ тілінің пайдасы жайлы айтып, үйренуге кеңес берді

Қазақ тілінің кереметтілігін «ОрыStar» шоу жобасында көруге болады. Жобаға қатысушылар қазақ тілі арқылы саудада қалай жеңілдік алуға, таксимен тегін жүруге және түнгі төбелестерден қалай құтылуға болатынын айтып берді.

maxresdefault

Бұл туралы express-k.kz хабарлайды.

НТК телеарнасында Сергей Закора, Евгений Шворнев пен Семен Маховтың қатысуымен «ОрыStar әдісі» сериалы өтіп жатыр. Сценарий желісі бойынша, үш орыс жігіті қазақ тілді телебағдарламаға кастингке келеді. Алайда, оларды қабылдамай қояды. Сондықтан үш жігіт қазақ тілін үйрену үшін қазақ ауылына аттанады. Ол жерде оларға көмекшілер ғана, емес қарсыластары да пайда болады. Айылдың мейірімді ақсақалы үй шаруасына көмектескені үшін оларды үйіне қондырады. Небір қызықты жайттарды бастан кешкен орыс жігіттер ақыры қазақ тілін үйреніп шығады.

Ndz6A-8TCsM

«Түсірілім Ұзынағаш ауылының маңындағы Үмбетәлі ауылында болды. Біздің тілді үйренуімізге режиссер Санжар Омаров көп көмектесті. Түсірілім тобы түгелдей дерлік қазақ тілінде сөйлегендіктен, біз осы жағдайға тез үйренісіп кеттік», – дейді Сергей Закора.

«Қазақ тілінің кейбір сөздерін орыс тіліне тікелей аударса, мағынасы мүлде ауысып кетеді. Мәселен, қазақтың «Нан ауыз ти» деген сөзі орысша «дотронься ртом до хлеба» деп аударылады. Тілді сөздікке үйренгенше осылайша құлақпен естіп үйренген тез.

«Қазақ тілінде көбелек сөзі – орысша бабочка дегенді білдіреді екен. Мен орыс тіліндегі коболёк деген сөзді білем. Екеуі бір сөз. Және «бұл» сөзі орыс тіліне «это» деп аударылады. Ал, «бұлбұл» – «соловей». «Это соловей» деген «бұл бұлбұл» деп аударылады. Мұндай сөздер жадыда тез сақталады, – деп күледі Семен Махов.

Aq-IjmUVe74

«Адам тек жаттығу арқылы еркін қозғалысқа бейімделетіні секілді, тілді де  үйренуге талпына отырып үйренеді. Бірде таксист жүргізушіге «Дүңгіршектің қасында тоқтаңыз» десем, ол кісі қазақ бола тұра «дүңгіршек» сөзін білмейді екен. Тіпті қазақ тілінің жаңа сөздерін білгеніме қуанғаны соншалық, ақшамды да алмай қойды. Осылайша қазақ тілінің көмегі барлық жағдайда пайдасын тигізіп жатады. Сондай-ақ, қазақ тілінің қорғанысқа да септігі тиіп жатады. Түнгі клубтара жігіттермен ерегісіп қалсақ та «жігіттер, өзіміз ғой» деген сиқырлы сөзді айтамыз. Содан барлығы тез аяқтала қояды», – деп күледі Семен Махов.

Олар қазақ тілінде сөйлегені үшін базардан сауда жасағанда да жеңіліктерге ие болып жататынын айтады.

«ОрыStar әдісі» сериалы 15 секундтық роликпен Instagram желісінде жарияланған еді. Жобаның негізгі мақсаты көрерменге қазақ тілінде сөйлеу сәнді, әрі маңызды екенін жеткізу. Олар YouTube желісінде де өз арнарын дамытқысы келеді. Сондықтан барша көрерменнен қазақтың қалжың сөздерін, қызықты жайттарды жолдауын өтінеді.

Анна Гончарова

Талқылау