Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орыс жігіт Рамазан айында ислам дінін қабылдады

Қызылорда қалалық “Айтбай” мешітіне 1997 жылы туылған Владик есімді қала тұрғыны келіп, ислам дінін қабылдауға ниеті бар екенін жеткізген.

xlarge (1)

Бұл туралы muslim.kz хабарлайды.

Алдымен ислам дінінің мән-маңызына тоқталған мешіттің наиб имамы Қайырбек Отызбаев әлемді бейбітшілікке, мейірімділікке үндейтін ислам – Алланың ақиқат жолы екенін түсіндірді. Сонымен қатар, ислам дініне бет бұрған кез келген жан Оған күшпен емес, өзінің ақыл-парасатымен, терең пайымымен түсіне қабылдайтындығын тарихи деректермен айтып жеткізді. Оған мысал ретінде дүниенің танымал спортшылары (Мұхаммедәли, Тайсон), өнер иелері мен ғылым адамдарын атады.

Мұнан кейін Владик өзінің ерік-қалауымен мұсылманшылыққа бет бұруға әзір екенін білдіріп, исламның алғы шарты болған кәлимаға тілін келтірді. Мешіт атынан оған бірнеше құнды кітаптар табысталып, бата жасалды.

Талқылау