Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орыс қызы батырлар жырын жатқа айтып таңғалдырды

Оңтүстік Қазақстан облысында “Оңтүстік Қазақстан” облыстық басылымының мұрындық болуымен 1-шi облыстық жас жыршылар байқауы өткiзіліп жатыр. Бұл әдеби сайысқа А. Ма­ка­рен­ко атын­дағы №41 мек­теп ли­цейiнiң оқушы­сы Ари­на Алек­сан­д­ро­ва да қаты­сып, «Қам­бар ба­тыр» жы­рын жатқа ай­тқан.

7239aef44a9a0c5fd7656f22b138126f_L

Атал­мыш мек­тептiң қазақ тiлi мен әде­би­етi пәнiнiң мұғалiмi Сай­рамкүл Етек­ба­е­ва орыс қызы­ның қазақ әде­би­етiне де­ген қызығушы­лығы ересен екенiн ай­та­ды.

“Кей­де әртүрлi се­беп­тер­мен жұмысқа ке­ле ал­май қалған мұ­­ғалiмдердiң ор­ны­на са­баққа кiру­ге ту­ра ке­ледi. Сон­дай кез­дердiң бiрiнде Ари­на көзiме түстi. Әйтпе­се, мен оған са­бақ бер­ген емеспiн. Ари­на – үнемi сөздiк қорын бай­ы­тып, бiлiм көкжи­егiн кеңейтiп оты­ра­тын iзденiмпаз оқушы. Қазiр ол қазақтың көне сөздерiнiң мән-мағына­сын кiтап оқу арқылы түсiну­ге тал­пы­нып жүр. Жа­с­тар­ды отансүйгiштiкке тәрби­е­лейтiн жыр­лар­ды, өлеңдердi құрбыларына жатқа оқып бер­гендi де жа­ны сүйедi”, – дейдi ұстаз.

Осы мек­теп­те оқитын ағай­ын­ды Иван мен Ана­то­лий Де­ни­сен­ко­лар­дың да тiлдi жетiк меңге­руiне қазақы ор­та­да өскендiгi әсер ет­се ке­рек.

“Кiшкен­тай­ым­нан қазақ ба­ла­ла­ры­мен бiрге ой­нап өскендiктен, маған орыс сы­ны­бы­нан гөрi қазақ сы­ны­бын­да бiлiм алған оңай бол­ды. Со­дан екiншi сы­нып­тан ба­с­тап қазақша оқыдым. Би­ыл 11 сы­­нып­ты тәмам­дай­мын. Жақын­да Ре­сей­дегi Ке­ме­ров атын­дағы тех­ни­ка­лық уни­вер­си­тет­тен ғалым­дар келiп, байқау өткiздi. Сай­ы­с­та оқу ор­ны­ның гран­тын жеңiп ал­дым. Ендi ше­тел­де бiлiмiмдi жетiлдiрiп, туған жер­ге қай­та ора­ла­тын бо­ла­мын. Өйткенi, мен өзiмнiң бо­ла­шағым­ды тек Қазақстан­мен ғана бай­ла­ны­с­ты­ра ала­мын”, – дейдi Иван.

Ана­то­лийдiң де қазақ сы­ны­бы­на ба­ру­ы­на ағасы Иван түрткi болған екен. Қазiр ол 8-сы­нып­та оқиды. Сай­рамкүл Етек­ба­е­ва қазақ тiлiн те­реңiрек бiлу­ге ұмтылған жасөспi­рiмдердiң ба­сын қосып, оларға қосым­ша фа­куль­та­тивтiк са­бақтар өтедi екен. Қазiр оның то­бын­да қазақ әде­би­етiне ерек­ше қызығушы­лық та­ны­та­тын 15 оқушы бар. Са­бақтан тыс уақыт­та сол ба­ла­лар­мен бiрге қазақтың ақын-жа­зу­шы­ла­ры мен жыр­шы-жы­ра­у­ла­ры жай­лы де­рек­тердi оқып, олар­дың өлеңдерiн жат­тай­ды.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандықтар қарызын өтемесе де ұшақпен сапарға шыға алатын болды

Англияда оқып жүрген қазақ жастары жойқын жарылыстан қалай аман қалғандарын айтты

Ұлттық мүддеге зиян тигізген адамды азаматтықтан айыратын заң жобасы мақұлданды

Талқылау