Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өрттен қайтыс болған 52 жолаушы автобус есігін аша алмаған

Ақтөбе облысында өртенген автобустың есігі кілттеніп қалған. Сондықтан жолаушылар өртеніп жатқан автобустан шыға алмай қалды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі  Виталий Синев хабарлады.

“Өрт басталғанда автобус тоқтап, жүргізуші шығып кеткен. Жолаушылар есікке жүгіргенде, есіктер жабық болған, сөйтіп шыға алмай қалған”, -дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Виталий Синев.

Ақтөбе облысының ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өртке қысқа тұйықталу себеп болған.

Отқа оранған автобустың Шымкент қаласынан Ресейге бағыт алғаны белгілі болды.

Автобус жүргізушісінің жолаушы тасымалына лицензиясы болмаған. Сонымен қатар, міндетті техникалық байқаудан 2015 жылы 17 тамызда өткені белгілі болды. Оның мерзімі 2016 жылы 17 ақпанда өтіп кеткен.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі “Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның нақты себебі неден болғаны белгісіз.

Айта кетейік,  18 қаңтарда сағат 10:30-да Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын.

Тағы оқыңыз:

Ұлттық банк басшысы бұғатталған 22 млрд доллар туралы түсініктеме берді

Министрлік: өртеніп кеткен автобус жүргізушісінің жолаушы тасымалына лицензиясы жоқ

Шетелде тегін білім алудың қандай мүмкіндіктері бар

Декреттік демалысқа шығатын аналар нені білуі керек

Талқылау