Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өртенген автобус жолаушылары өздерін құтқарған азаматқа көлік сатып алып бермек

Ресейде 48 жолаушыны құтқарған семейлік Ержан Амархановтың өмірі күрт өзгере бастады. Бұған дейін кәсіпкерден сыйақы алған азаматқа енді жолаушылар көлік сыйламақ.

Фото: Жания Уранкеева

Ержан Амарханов 48 жолаушының өмірін өзгерткенімен өзін батыр санамайды. Тіпті жолаушылар сыйлағысы келген көліктен бас тартқан, деп хабарлайды 31 арна.

«Маған Новсібір қазақтары көлік сыйлайтындарын айтты. Бірақ мен одан бас тарттым. Бізді солай тәрбиелеген ғой ата-анамыз. Ерлік жасадым деп санамаймын», – дейді Ержан.

Қазір құжатарын жасап жатыр. Айтуынша, Ресейде одан құжатын сұрап әуреге салған. Тіпті сұраған суды да бермеген. Бейтаныс азамат берген тиынға су сатып алған. Тағы бір таксист тегін Новосібірге жеткізіп тастаған.

Құжаты дайын болған соң ресейлік тележүргізуші Андрей Малаховтың бағдарламасына бармақ.

«Ержанның жолаушылардың құтқарып жатқанын көрдік. Ол автобуста өртті бірінші болып байқап, бәрімізді оятты. Жолаушыларды сыртқа алып шығып жатты. Бірнеше азамат болып көліктің артқы есігін бұзды», – дейді автобус жолаушысы Анастасия Рявкина.

Айта кетейік, Ержан Амарханов Ресейді 48 жолаушыны құтқарып қалған еді. Ол жолаушыларды құтқару үшін автобус жүргізушісін соққыға жыққанын, оқиғаның қалай болғанын баяндап берген болатын. Бұған дейін Семей қаласының кәсіпкері Ержанға 1 млн теңге сыйлаған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау