Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орта Азиядағы ең үлкен айналмалы дөңгелек Шымкентте іске қосылды (фото)

Шымкент қаласындағы «Жайлаукөл» демалыс аумағының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл мерекелік шараға өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов пен қала әкімі Ғабидулла Әбдірахымов қатысып, салтанатты жиынды ашып берді.

20160825142500

Бұл туралы өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақпарат.

20160825142504

Басшылар жаңа ойын-сауық орталығының ашылуына байланысты қала тұрғындарын құттықтады. Демалыс аумағында барлық жастағы зияратшылар үшін 20 атракцион және 50 метрлік айналмалы дөңгелек орналасқан. Келешек қаланың аймағында орналасқан «Shymkent City» саябағы көркейіп, қаланың шырайына айналды.

20160825142507

Сонымен қатар, бұл аумақта көңілді көтеріңкі өткізу және спорттық шаралар ұйымдастыру үшін барлық жағдай жасалған. Демалыс аймағында орналасқан айналмалы дөңгелек Орта Азияда ең үлкені болып саналады.

20160825142513

20160825142520

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандағы ең ірі сауда-ойын-сауық орталығы көне Таразда салынып жатыр (фото)

Талқылау