Ораза мен Құрбан айт мерекесі бір күнге белгіленді

Орталық Азия елдерінің мүфтилері ортақ меморандумға қол қойды. Кездесу Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтті.

Бұл туралы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Мүфтилер қабылдаған құжатта діни мерекелерді бір күнге белгілеу,  ортаазиялық діни мектепті жаңғырту, ортақ салттар мен дәстүрлі жоралғыларды дамыту, діни экстремизм мен терроризмді алдын алу, адамгершілік құндылықтарды насихаттау, тарихи ортақ нысандарға зиярат жасау, діни кітаптарды аудару, т.б. бағыттар бойынша бірігіп жұмыс істеу көзделді.

Меморандумға қол қою рәсіміне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Османхан қажы Алимов, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Мақсатбек қажы Тоқтамысов, Тәжікстан Республикасының Ғұламалар кеңесінің төрағасы, мүфти Саидмукаррам Абдукодирзода қатысты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар