Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өрт болса ше: Елдегі сауда орталықтарының апаттық есігін қайтадан жауып қойған

Әркімнің қауіпсіздігі тек өзінің қолында. Биыл ғана сауда орталықтарының төңірегінде үлкен дау туса да, елдегі ойын-сауда орталықтарының апаттық есігі қайтадан жабық тұр.

Өрт болса ше: Елдегі сауда орталықтарының апаттық есігін қайтадан жауып қойған

Бұл туралы 31 арна-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ресейдегі «Зимняя вишня» сауда орталығында болған қайғылы оқиғадан кейін Қазақстандағы ойын-сауда орталықтарына тексеру жүргізілген болатын. Тіпті, дүкен жалдаушылар қосымша есіктерге баратын жолды босатуға мәжбүр болған. Бірақ, біраз уақыттан кейін бәрі қалыпты жағдайға оралды.

Сауда-ойын-сауық орталықтарының қауіптілігін көрген келушілер, тіпті ТЖК басшысы да басқа біреудің қайғысы қазақстандық кәсіпкерлерге сабақ болмапты дейді. Осы жылдың наурыз айында Кемероводағы қайғылы оқиғадан кейін бір ай бойы елдегі сауда орталықтары қатаң тексеруден өткен болатын. Тіпті, әрбір сауда орталық бірнеше рет тексеріліп, кәсіпкерлер арнайы жаттығулар өткізді. Алайда осыдан кейін бәрі басылып, жағдай бұрынғы күйге түсті.

«Режимдік сипатқа ие барлық мәселелер жойылады. Тексеру жабылғаннан кейін өкінішке орай, тағы да режимдік сипаттағы бұзушылықтар орын алады. Яғни, тексеру аяқталғаннан кейін сауда орталықтарының апаттық есіктері қайтадан жабық тұрады»,- дейді ІІД-нің вице министрі Юрий Ильин.

Астанадағы сауда орталықтарының біріне барып, ғимараттың қаншалықты қауіпсіз екенін және апаттық есіктердің ашық-жабығын тексеріп шыққан тілшілер жағаларын ұстап қайтты.
Олардың сөзінше, апаттық есіктер жабық тұр және оның өзіне тек арнайы картаның көмегімен ғана кіруге болады.

Ал, жағдайды түсіндірген сауда орталығының әкімшілігі апаттық есіктерді бөтен біреулер кірмесін деп жауып қойдық дейді. Бірақ өрт қауіпсіздігі жүйесі сағат секілді өздігінен жұмыс істейді. Және өрт кезінде есіктер автоматты түрде ашылады екен.

Бірақ, сауда орталығының төңірегіндегі мәселеге қатысты пікір білдірген төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері қолданыстағы заң бойынша инспекциялар жүргізудің еш мәні жоқ екенін айтты. Себебі, кәсіпкерлер тексерушілердің келетінін бір ай бұрын біліп, кез келген кемшіліктерді сол уақытқа дейін жөндеп қоятын көрінеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау