Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өрмекші адам Орта Азиядағы алғашқы шыңын бағындырды (фото, видео)

Осы уақытқа дейін талай шыңды бағындырып үлгерген Ален Робер Алматы қаласындағы Esentai Tower ғимаратының ең биік нүктесіне шықты. Осылайша 53 жастағы франциялық Ален 168 метрлік ғимаратқа өрмелеп, бағындырған шыңдарының тізімін толықтырды.

image

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Отанында “өрмекші адам” лақап атымен танылып жүрген Ален Робер Huawei компаниясының шақыртуымен келген. Аталған компания – телекоммуникация саласының әлемдік деңгейдегі үздіктерінің бірі.

168 метрлік Esentai Tower ғимараты – оның Орта Азиядағы бағындырған алғашқы шыңы. Ауа райы қолайсыздығынан сақтандыру белбеуін тағуға мәжбүр болды.

3E0A7290

3E0A7315

3E0A7309

3E0A7330

Әлем жұрты Роберді жартасқа өрмелеуші, ең биік ғимараттарды бағындырушы, экстримал ретінде таниды. Робер отбасының қорқынышына қарамастан, өзінің хоббиін тоқтатпақ емес. Мұнымен қатар, өзін құжат жүзінде ешуақытта сақтандырмаған.

3E0A7343

3E0A7378

3E0A7355

3E0A7376

“60-70 жасыма дейін осы іспен айналыса бермекпін. Мен тек қызықсыз, мәнсіз ғұмырдан қорқамын. Өмірімді осылайша түрлендіргім келеді. Әрине, өлім аузынан қалған сәттерім көп болды. Десе де, бұл менің арманым. Қандай жағдай болмасын одан бас тартпаймын”, – дейді Ален Робер.

3E0A7438

3E0A7400

3E0A7501

3E0A7310

Өрмекші адамды қала жұрты бақылап, аман-есен ғимараттың ең биік нүктесіне шыққанын көріп қуанды. Ал өз мақсатына жеткен өрмелеуші көкте ақ туын желбіретіп, барша көрерменге алғыс айтты.

Ален Робер 1962 жылы 7 тамызда Францияның Дигуэн қаласында дүниеге келген. Билдерингпен 11 жасынан бастап айналысып келеді. Ол әлем бойынша 70 шыңды бағындырып үлгерген. Ғимараттарға иесінің рұқсатынсыз шығып, он шақты рет сотталған. Тіпті, ең көп сотталған өрмекші адам ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енген. Осы уақытқа дейін Нью-Йорктегі Эмпайр Стэйт Билдинг, Сиднейдегі Опера театры, IBM бас ғимараты және Куала-Лумпурдегі “Егіз Мұнара” сынды ғимараттарды бағындырған.


Оқи отырыңыз:

Әлемнің өрмекші-адамы Esentai Tower-дың басына шықпақ

 

Талқылау