Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Орманда төрт күн аш жатқан 1 жасар сәби аман қалды

Американың Кентукки штаты Флойд округінде 1 жарым айлық бала төрт күн орманда аш жатса да, аман қалды. 

Кеннет Ховард жақында ғана 1 жас 10 айға толды. 12 мамыр күні жоғалып кеткен. Әкесі Элден оны ұрлап кетті деп топшылады. Төрт күннен құтқарушылар баланы тоғайдан тапқандарын айтты. Баланы іздеуге тікұшақ пен ит, ұшқышсыз ұшатын аппараттар жұмылдырылды. 

Бала сәрсенбі күні үйден бір жарым шақырымдағы тоғайдан табылды. Құтқарушылар баланың беткейдің етегінде жылағанын естіген. Жақындары сәби үйдің қосымша есігі арқылы шығып кеткен деп топшылайды. 

Баланы тікұшақпен травматологиялық орталыққа жеткізді. Билік өкілдерінің айтуынша, сәби табылған уақытта дені сау бала секілді көрініпті.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр