Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та қолтырауын екі жасар баланы өзенге сүйреп әкетті

Орландодағы Disney’s Grand Floridian Resort & Spa шипажайына таяу жердегі Walt Disney World саябағында қолтырауын екі жасар баланы өзенге дейін сүйреп әкеткен.

392390793_4267765

Сурет mk.ru

Оқиға сейсенбі, 14 маусым күні сағат 21.30 шамасында болған. Куәгерлердің айтуынша балаға шабуыл жасаған қолтырауынның ұзындығы екі метрдей болған.

Қазіргі таңда баланы іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Іздеу жұмыстарына сүңгуір техника мен тікұшақ жұмылдырылған.

Walt Disney World Resort көңіл-көтеру саябағы 1971 жылы құрылған. Кешеннің аумағы 100 шаршы метр. Ол жерде қонақүй, аквапарк, дүкендер, мейрамханалар мен кафелер орналасқан.

Талқылау