Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өркеннің туған анасы баласынан айырылатын күні жайсыз түс көрген

11 жастағы оқушы Өркен Азаматұлының анасы Айжан баласынан айырылатын күні жайсыз түс көрген. Бұл туралы қара жамылған ана сотта айтып берді, деп жазды ҚазАқпарат.

20170515163521

Өзінің айтуынша, анасы Өркен жоғалып кеткен түні жайсыз түс көріп шыққан. Ол қайғылы жағдай болардан бірнеше күн бұрын Алматыға жұмыс іздеп келгенін атап өтті.

«Сол күні көзім ілініп кетті. Бұл күндізгі сағат 2-4-тің арасы. Сағат 6-00-де Өркеннің мұғалімі келіп, оны іздеп таба алмай жатқанын айтты. Сосын, бәріміз жабылып іздеуге кірістік. Келесі күні мектептің бейнебақылау камераларын тексерттік. Кадрден Өркенді бала жетектеген әйел ертіп кеткенін көрдік. Әйелді тану қиын еді, ал баланың Шәрипа Ақбердиеваның кішкентай қызы екенін таныдым», – дейді Өркеннің туған анасы Айжан.

Анасы Өркеннен өгей шешесімен қарым-қатынасы қандай екенін сұрап тұрған. Өркен: «Аида мамам өте жақсы», деп айтатын», – деді ол.

Шәрипа Ақбердиеваны отбасындағылар не үшін «Аида» деп айтқаны әзірге анықталған жоқ. Сотта Шәрипа Ақбердиеваның үлкен қызы Айдана кісі өлтіру туралы жоспарының бар екенін білмегенін айтты.

Айдананың айтуынша, шешесі Өркенді оның әкесімен сөйлескенше ұстай тұратынын айтыпты, Бұған дейін хабарланғандай, баланың өгей шешесі бұл қылмысқа енесі мен күйеуінен өш алу үшін істегенін айтқан. Өркеннің туған анасы да ұлының өліміне қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

Тағы да оқыңыз:

Әжесі: Өркен өзін өлтірген өгей шешесін мама деп атайтын

Шәует сататын банк иесі өлер алдында ұрықтың бәрі өзінікі болғанын мойындады

20 жасында Apple компаниясына шақырту алған қазақ жігітінің қайғылы тағдыры

Талқылау