Өркениетті Алматыда әлі күнге дейін мектепке тау асып қатынайтын оқушылар бар

Дүйсенбі, 26 Қыркүйек , 2016 21:56

Өркениетті Алматыда әлі күнге дейін мектепке дөң асып, қалт-құлт еткен көпір арқылы қатынайтын оқушылар бар. Ұлжан-2 ықшамауданы пайда болғалы ата-аналар балаларын мектепке жаяу жалпы тасып келеді. Ал зарыға күткен бағыттық автобустың жүруінен тоқтауы тез болыпты. Енді 300-ден астам бала жүруге қауіпті, жолсыз саймен өтуге мәжбүр.

Снимок экрана (18)

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

«Ұлжан-1, Ұлжан-2 ықшамаудандарының арасын бөліп жатқан мына кең қолат сайда жалғыз аяқ соқпақ жол ғана бар. Бұл жерде көктем мен күзде жаңбыр жауса, езілген ми батпақ, ал қыста тайғанақ. Кеш батып қараңғы түскенде жүріп өту тіптен қауіпті. Ал Ұлжан-2 ықшамауданында тұратын 300-ден астам оқушы осы жолмен күнделікті мектепке қатынауға мәжбүр», – дейді тілші Манас Қайыртайұлы.

Өйткені, қос ықшамауданның арасына қатынайтын қоғамдық көлік жоқ. Осы жерге қоныстанғалы бері балаларын жаяу тасып келген жұрттың шыдамы шегіне жетіп тұр.

«Үйретті бұларды. 115-ке келгенде қуанғаннын жүрегіміз жарылып кете жаздады. Енді келіп тұрып, мыналар мектепке барғысы келмейді жаяу. Мектептен қалып қойған кездері болды жылап», – дейді ата-ана Нұрхан Оспанов.

«Неше түрлі адамдар отырады. Поход жасап отырады. Өтуге қиын қазір кішкентай балалардың. Шығамыз 5-6 ата-ана жетектеп тағы 7-де. Барып болғанша сол сегізге он минут қалғанда әрең жетеміз мектепке», – дейді ата-ана Светлана Омарова.

Тұрғындардың қайтарсын дегені, қыркүйекте 115-бағыт автобусы 152-ші мектеп маңына тоқтайтын болған. Қуаныштары ұзаққа созылмай, автобус қозғалыс бағыты қайта өзгеріп кеткен. Енді оқушылар мектепке 1 сағат жүріп, жаяу қатынап жүр.

– Жауын жауған күні ана жерде су тасиды. Сосын ар жақтан айналып, су кешіп өтеміз. Балағымызды қайырып.

Ал Алатау ауданында шешілмеген мәселелердің көп екенін мойындаған әкім 115-ші автобустың қозғалыс бағытын аз уақыттың ішінде тұрғындарға қолайлы етіп өзгертуге уәде етті.

«Транспортный отделдың басшысы қазір солармен кездеседі. Керек десе, письмомызды жазамыз да, бұрынғыдай қалдыруға тырысамыз. Елдердің көбі бұрынғыдай қалуын сұрап отырса, онда мектептің алдынан жасаймыз», – дейді Алматы қ. Алатау ауданының әкімі Бағдат Мәнізоров.

Аудан әкімінің тырысамыз дегені, тұрғындардың талабынан қашқан түлкібұлаң болып шықпаса екен дейді ата-аналар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    үлке қалада балаларға обал болған екен ақтөбе қаласында орыс мектебіне үлкен афтобуспен үшақ бала ғана қатынап оқып жүр салыстырмалы түрде айтсақ

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар