Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Организміңізге су жетіспейтінінің нақты белгілері

Ғаламшар тұрғындарының жартысынан көбі организмнің сусыздануынан зардап шегеді. Олар, тіпті, организмге су жетіспеуінің денсаулыққа байланысты үлкен қиындықтар тудыратынын біле бермейді.

3_110

Stan.kz денсаулығыңызды ойлай отырып, күнделікті ішіп жүрген су мөлшері қаншалықты жеткілікті және сусызданудың организміңізге ықпалы жайлы мәліметтер ұсынады.

Сусызданудың жеңіл және орташа деңгейінің белгілері:

  • шөлдеу;
  • ауыз құрғауы;
  • шаршау;
  • мазасыздану мен ашушаңдық;
  • зәр түсінің қошқыл сары түске өзгеруі, зәр шығарудың азаюы;
  • құрғақ тері, созылғыштығының төмендеуі;
  • іш қату;
  • бас айналу;
  • бас ауруы;
  • ауыздан жағымсыз иіс шығуы;
  • тәттіге құмарлық.

Қатты сусызданудың белгілері:

  • қатты шөлдеу;
  • жүрек соғысының жиілеуі;
  • естен тану;
  • тыныс алудың жиілеуі;
  • көздердің шүңіреюі;
  • қан қысымының төмендеуі;
  • терінің қатты құрғауы;
  • бас айналуы;
  • зәр шығарудың тоқтауы немесе зәр түсінің қоңырлануы;
  • тіпті, күннің қатты ыстығында, денеге күш түскенде тер шықпауы;

Сусыздану деңгейін қарапайым тест арқылы анықтауға болады. Ол үшін қолыңыздың сыртқы жағының терісін шымшыңыз. Егер теріңіздегі тыртыс бірден жазылса, организміңіздегі су мөлшері жеткілікті болғаны. Ал тыртыс аздаған уақыт сақталса, ол – организміңіз сусызданғанының нышаны.

Адам организмі 60-80% судан тұрады. Егер күнделікті ішетін суымыз жеткіліксіз болса, ол қаннан 8%-ға дейін, жасушааралық кеңістіктен 26%-ға дейін, жасушалардан 66%-ға дейін алынады.

Талқылау