Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ордалықтар” әнші Төреғали Төрәліні әжуалап жатыр

Төреғали Төрәлінің “Қазақ жігіттері бір-біріне видео сәлемдеме ғана жолдайтын болған ба? Жекпе-жек керек болатын болса, онда басқаша болсын” деген сөздерінен кейін “Орда” тобымен арадағы келіспеушіліктердің нүктесі қойылғандай болатын. Алайда Ерболат Беделхан әлі де әріптесін сынап жүр.

image

Бұл туралы Stan.kz  хабарлайды.

“Орда” тобының солистері мен Төреғали Төрәлінің арасындағы даудың нүктесі қойылар емес. Дастан Оразбеков “Төреғали сияқты жігіттер тыңдарманды алдағанын қойсын. Мен оларды сыйлаймын, араласамын, бірақ өнерге келгенде халықты алдағанын қаламаймын”,- деп хит әндерінің көбісі шетелдікі екенін тілге тиек еткен болатын.

Бұл сынды естіген Төреғали “Ол айнаға қарап айтатын әңгімесін айналаға қарап айтып қалған байқамай” деп бірден ашуланып, артынша өзге елден алған әндерін жіпке тізді. Ол – “Байқоңыр” мен “Төрешім” екен. Бірақ әнші бұларды халықты алдау мақсатында емес, бұлай таңдау жасауында астарлы саясат бар екенін айтқан-ды. Бұдан өзге “Ninety one”  тобын ағалары Ринат Зайытов пен Тоқтар Серіковке қосылып, “шайтанға” теңеген.

Бұл жолы “Орда” тобының тағы бір мүшесі Ерболат Беделхан әлеуметтік желіде Төреғалидің сындарына қарсы пікір білдіріп, оны әжуалайтын суреттер салып жатыр.

Қазақ жігіттерінің бұл тартысы қанша уақытқа созылатыны әзірге белгісіз. Ал Төреғали айтқан сөздері үшін кешірім сұрамайтын сыңайлы.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Төреғали өзінің әндерін сынаған Дастан Оразбековты жекпе-жекке шақырғаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау